жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеу бұрынғыдан қолжетімдірек бола түсуде

Елімізде онкологиялық ауруларды емдеу бұрынғыдан қолжетімдірек бола түсуде
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы министрлік мәлім етті

Қазақстанда онкологиялық қызметті жаңғырту бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Мақсат - онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуді барлық өңірлердің тұрғындары үшін қолжетімді ету және обырмен күрестің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Абай облысында, Астана және Алматы қалаларында 6 жаңа заманауи сәулелік терапия орталығы ашылды (2 орталық).

Онкология орталықтарын жарақтандыруға 31 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, 39 млрд теңгеге инвестициялық келісім жасалды:

-Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында ПЭТ/КТ-орталықтарын орнату,

- ядролық физика институтында циклотрон кешенін құру.

Бұл обырды диагностикалауды жаңа деңгейге көтеруге және өңірлерді озық технологиялармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңірлік онкология орталықтарының базасында 17 сараптамалық эндоскопиялық орталық ашылды. Осының арқасында қатерлі ісіктерді ерте анықтау деңгейі 31,4%-ға дейін өсті (2023 жылы-30%).

Кешенді жұмыс ерте диагностиканың үлесін арттыруға, өңірлерде жоғары технологиялық хирургиялық операциялар мен сәулелік терапияның қолжетімділігіне, онкологиялық қызмет кадрларын нығайтуға, халықтың қажеттіліктеріне қарай төсек қорын ұтымды бөлуге бағытталған.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар