жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық қор қаржысының қайтарылу тәртібі жаңартылды

Ұлттық қор қаржысының қайтарылу тәртібі жаңартылды
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстанда Ұлттық қордан бөлініп, мақсатты түрде пайдаланылмаған немесе есепті жылы игерілмеген қаражатты қайтарудың жаңа тәртібі енгізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аудиторлар 2019–2021 жылдары Ұлттық қордан бөлінген нысаналы трансферттердің жұмсалуын тексеріп, үкіметке бірқатар ұсыныс берген. Атап айтқанда, қаражат өз мақсатына сай қолданылмаса, оны қайта қайтарудың нақты тәртібін бекіту қажеттігі айтылған. Сондай-ақ, орталық атқарушы органдарға игерілмеген қаражатты қайтару мерзімі мен тәртібін нақтылау, мақсатты пайдаланудан кейін де қолданылу мүмкіндігін болдырмау үшін бюджеттік несиелер мен облигациялық қарыздарды қайтару тетігін әзірлеу ұсынылған.

Осыған байланысты Бюджет кодексіне өзгерістер енгізіліп, үкіметтің жаңа қаулысымен қордан қаражат алу ережелері жаңартылды. Қаржы министрлігі 2025 жылға арналған бюджетті атқару және кассалық қызмет көрсету тәртібін, қазынашылық қызмет көрсету мен есеп жүргізу рәсімдерін, Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы және бюджет кірістерін түрлі деңгейдегі бюджеттер, Ұлттық қор шоттары, бюджеттен тыс қорлар мен ЕАЭО елдерінің бюджеттері арасында бөлу ережелерін бекітті.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар