жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот тыңдауы басталды

Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот тыңдауы басталды
gov.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды

Бұл туралы ақпаратты қалалық соттың баспасөз қызметі растады. Тыңдау ашық форматта өтуде, алайда айыпталушы Ернар Жиембайды фото-видеоға түсіруге тыйым салынған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Еске сала кетейік, 21 сәуір күні кешке Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалып, ол ауыр жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, оған оқ атқан – әкімдікке қарасты мекемеде қызмет еткен Ернар Жиембай есімді азамат. Қазір бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.

25 маусымда тергеу толық аяқталып, 22 шілдеде іс сотқа жолданды. 

Ал, 12 мамырда Руслан Берденовтің денсаулығы жақсарғаны хабарланды. 

Сондай-ақ осы оқиғадан кейін Берденов Respublica партиясы төрағасының орынбасары қызметінен кеткен болатын.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар