жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында биыл 3 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады

Жамбыл облысында биыл 3 мыңнан астам отбасы баспанамен қамтылады
Фото: Jambylinfo.kz
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ресми мәліметке сүйенсек, биыл жыл соңына дейін бюджет қаражаты есебінен 2030 пәтерлі 44 көпқабатты тұрғын үй, ал жеке инвестиция есебінен 760 пәтерлі 19 тұрғын үй пайдалануға берілмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сонымен қатар, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтар үшін жалпы сомасы 4,9 миллиард теңгеге 361 пәтер сатып алу көзделген.

Мұнымен қоса, жастарды қолдауға арналған «Әулиеата жастары» жобасы аясында 150 жас отбасыны баспанамен қамту жоспарланып отыр.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың соңына дейін облыс бойынша 3 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтылады. Әкімдіктің мәліметінше, бұл жұмыстар өңірдегі тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың мәселесін жүйелі түрде шешуге мүмкіндік береді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар