Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің жаңа қолбасшысы тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Ғадылшаұлы Ізбасов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды" - делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Ал бұл қызметті атқарған Руслан Зарлықұлы Қоңыров мемлекет басшысының өкімімен лауазымынан босатылды.






