жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ға артты

Су саласы мамандықтарына түсетін студенттер үшін грант саны 70%-ға артты
Pixabay.com
2025-2026 оқу жылына гидрогеология және гидрология сияқты пәнаралық мамандықтарды есептемегенде барлығы 1052 грант бөлінді.

Су шаруашылығы саласына мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының саны да артып келеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жаңа оқу жылынан бастап Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті алғаш рет «Гидромелиорация» мамандығы бойынша студенттерді қабылдауды жоспарлап отыр.

Биыл су саласында өндірістік тәжірибеден өткен студенттердің саны төрт есе өскенін еске сала кетейік. Былтыр тәжірибеден өткен студенттер саны 82 болса, биыл бұл көрсеткіш 339-ға жетті.

«Мемлекет басшысы су шаруашылығы саласын жаңа, білікті кадрлармен қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойды. Гранттар санының артуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі су шаруашылығы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру бойынша бірқатар шараны әзірлеп, іске асырып жатыр. Олардың қатарында еңбекақыны көтеру мәселесі де бар», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Лаззат Жүсіпова.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар