жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Соңғы бес жылда елде ажырасу саны 16%-ға азайған

Соңғы бес жылда елде ажырасу саны 16%-ға азайған
Pixabay.com
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, соңғы бес жылда Қазақстанда ажырасу деңгейі 16 пайызға төмендеген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

2020 жылы елде 48,2 мың ажырасу дерегі тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 40,5 мыңға дейін азайған.

2020 жылы алғаш рет «Қазақстандық отбасылар — 2020» атты Ұлттық есеп жарық көріп, онда ажырасу себептері, отбасы институтының әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен туу көрсеткіштеріне қатысты талдау жасалды.

2023 жылы әлеуметтік тұрғыдан осал отбасыларды қолдауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Құжатта көпбалалы және табысы төмен отбасыларға арналған нақты әлеуметтік көмек шаралары, сондай-ақ ана мен баланың құқықтарын қорғау тетіктері айқындалған.

Мемлекет әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізді. Соның аясында тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке жатқызылып, кәмелетке толмағандарға қатысты кез келген зорлық түріне қатаң жаза белгіленді.

Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтын нығайту және балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында кешенді шаралар қабылданды.

"Аталған заңнамаларды жетілдіру шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылданды. Отбасы институтын нығайту және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрын қызмет етіп келген Отбасын қолдау орталықтарының жұмысы қайта құрылып, олардың қызметі бірыңғай модель бойынша жүйелендірілді. Нәтижесінде мұндай орталықтардың саны ел бойынша төрт есе, 33-тен 131-ге дейін артты", — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі таратқан хабарламада.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар