жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әзербайжанға астық экспорты 3,4 есеге ұлғайды

Әзербайжанға астық экспорты 3,4 есеге ұлғайды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігінен
Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі мәлімдеді

2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп (2024 жылы — 1,4 млн тонна).

— Экспорт көлемі негізінен Орталық Азия және Кавказ елдері бағытында артқаны байқалады. Мәселен, Өзбекстанға экспорт көлемі 41%-ға өсіп, 568 мың тоннадан 801 мың тоннаға жетті. Ал Тәжікстанға 3,8%-ға өсті (236 мыңнан 245 мың тоннаға дейін), ал Қырғызстанға жеткізілім 2,6 есеге көбейіп, 17 мыңнан 45 мың тонна болды, — делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар, Әзербайжанға экспорт 3,4 есеге ұлғайса, (11 мыңнан 38 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға жеткізілім 28,6%-ға өсіп, 56 мыңнан 72 мың тоннаға жетті, сондай-ақ, Түрікменстанға экспорт 66,7%-ға көбейіп, 3 мыңнан 5 мың тоннаға дейін көбейді.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар