Елімізде
Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 10 мыңнан астам жолаушы жеткізілді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:58
- 44
Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Таяу Шығыс елдерінде эскалация басталғалы бері, Қазақстанға 61 рейс орындалып, олармен 10 033 жолаушы тасымалданды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Рейстер Air Astana, SCAT, FlyDubai және Air Arabia әуе компаниялары арқылы Дубай, Шарджа, Жидда, Медина және Маскат қалаларынан Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларына орындалуда.
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп, Таяу Шығыс елдерінен Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарын жалғастыруда", - делінген хабарламада.




