Елімізде
Тоқаев Qazaq Stroy компаниялар тобының құрылтайшысы Нұрлан Артықбаевты қабылдады
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қараша, 2025
- 214
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Кездесу барысында құрылыс саласын дамытудың басты бағыттары, сондай-ақ жеке бизнестің инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның негізі қаланған 10 жыл ішінде 55-тен астам жоба жүзеге асырылғаны жөнінде баяндалды.
Атап айтқанда, кәсіпорын 4,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салған, соның ішінде 3,6 миллион шаршы метрі – әлеуметтік нысандар.
Нұрлан Артықбаев Qazaq Stroy азаматтарды қолдауға және қала инфрақұрылымын дамытуға бағытталған әлеуметтік бастамаларды белсенді іске асырып жатқанын айтты.
Компания жыл сайын көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 100-ден астам пәтер береді.






