Жаңа жылдан бастап мектептерге жүзу сабағы енгізіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 4 қараша, 2025
- 205
Келесі жылдан бастап Астана мен Алматы қалаларында жүзу сабақтарын мектеп бағдарламасына енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алдағы уақытта бұл бастама кезең-кезеңімен еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылмақ.
Бұл туралы Үкімет отырысында Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мәлімдеді. Оның айтуынша, жоба Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп әзірленіп жатыр.
«Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты елдердің үлгісі бойынша жүзеге асырылуда, олар жүзу бойынша әлемдегі ең мықты мемлекеттердің бірі және көптеген жылдар бойы балаларды мектеп жүйесінде жүзуге міндетті оқытуды сәтті енгізіп келеді», — деді Баландин.
Оның айтуынша, бұл жоба арқылы оқушылардың дене шынықтыру сабақтарының мазмұны байып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жаңа мүмкіндік туады.






