Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді: күн күркіреп, жаңбыр жауады
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
- 4.7k
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстан аумағына белсенді циклон жылжып келеді. Ол өзімен бірге жауын-шашын, найзағай және бұршағын ала келмек, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағы арқылы белсенді циклон жылжиды, онымен бірге жаңбыр, найзағай күтіледі. Республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте шаңды дауыл болуы мүмкін.
25–26 шілде күндері Алматы облысының батысы мен солтүстігінде өте қатты ыстық – 42°С күтіледі.
24 шілде күні батыста, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста күндізгі ауа температурасы 35–38°С дейін жетеді.
24–25 шілдеде республиканың орталығында 35–38°С,
оңтүстігінде – 40–42°С,
24–26 шілде аралығында оңтүстік-шығыста – 35–39°С,
25–26 шілдеде шығыста – 35–38°С,
26 шілдеде солтүстікте – 35°С ыстық болжанады", - делінген Қазгидрометтің таратқан хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






