Депутат Елнұр Бейсенбаев балаларға мектеп қабырғасында смартфон қолдануға шектеу қоюды ұсынды
- авторБақытжан Бекболат
- 17 қыркүйек, 2025
- 565
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Премьер-министрдің орынбасары Ерлан Көшербаевтың атына жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мәселесіне байланысты депутаттық сауал жолдады.
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен ауыр қылмыстар тоқтар емес. Басқасын айтпағанда, бір ғана Жамбыл облысында жаңа оқу жылы басталғаннан бері жасөспірімдер арасында үш қайғылы жағдай орын алып, үш жасөспірім қаза тапты. Бар-жоғы 15 күннің ішінде бір ғана өңірде үш бірдей оқушының кісі қолынан ажал құшуы – дабыл қағарлық жағдай», – деді депутат.
Оның айтуынша, мұндай жағдайдың туындауына білім беру жүйесіндегі тәрбиелік жұмыстың қағаз жүзінде қалуы, ата-аналардың жауапкершілігінің төмендеуі және мектеп психологтарының жетіспеушілігі себеп болып отыр.
Елнұр Бейсенбаев балаларға адамгершілік құндылықтарды дарыту, олардың психологиялық тұрақтылығын нығайту, сондай-ақ мектеп қабырғасында смартфон қолдануға шектеу енгізуді уақыт оздырмай қолға алу қажеттігін айтты.
Сонымен бірге ол Үкіметке мектептерде антибуллингтік бағдарламаны іске қосу, психологиялық қолдау қызметін күшейту, түрлі іс-шаралар арқылы оқушылар арасында өзара сыйластық пен бірлікті арттыру жөнінде нақты ұсыныстар жасады.
Меркі ауданында заманауи қонақ үй ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде мүгедектік рәсімін жеңілдету бойынша сырттай куәландыру көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 2 желтоқсан, 2025






