Қоғам
Құлсарыда балалар полиция шақырып, анасын ажалдан арашалап қалды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 11:05
- 91
Аулада ойнап жүрген балалар үйге кірмек болғанда есіктің жабық тұрғанын байқайды.
Атырау облысының Құлсары қаласында балалардың дер кезінде жасаған әрекеті анасының өмірін сақтап қалуға себеп болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аулада ойнап жүрген балалар үйге кірмек болғанда есіктің жабық тұрғанын байқайды. Іштен жауап болмаған соң, олар күмәнданып, полицияға хабарласқан.
Оқиға орнына келген тәртіп сақшыларына көршілер пәтерден газ иісі шығып жатқанын жеткізген. Қауіптің жоғары екенін түсінген полицейлер кідірмей есікті бұзып кірген.
Пәтер ішінде әйелдің ес-түссіз жатқанын көрген олар жедел әрекет етіп, оны қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізген.
Кейін анықталғандай, ас үйдегі газ плитасы ашық қалып, үй ішіне газ жиналған. Соның салдарынан әйел уланып, есінен танып қалған.





