жұма, 10 сәуір, 2026 18:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Балабақша бағасы: өңірлер арасындағы алшақтық күшейіп келеді

Балабақша бағасы: өңірлер арасындағы алшақтық күшейіп келеді
Pixabay.com
Өңірлер арасында баға айырмашылығы айтарлықтай байқалады. Елдегі 20 ірі қаланың 10-ында қызмет құны орташа республикалық деңгейден жоғары болған.

Ranking.kz порталының дерегінше, 2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелер қызметінің орташа айлық құны 30 мың теңгені құрған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл көрсеткішке балабақшалар, ясли топтары, түрлі үйірмелер мен секциялар, түзету орталықтары және өзге де қызмет түрлері кіреді.

Алайда өңірлер арасындағы баға айырмашылығы айтарлықтай байқалады.

Елдегі 20 ірі қаланың тең жартысында қызмет бағасы орташа республикалық деңгейден жоғары болған. Әсіресе, Алматы қаласында ең жоғары көрсеткіш тіркелді — айына 38,2 мың теңге. Бұл республика бойынша орташа деңгейден 27%-ға қымбат.

Баға деңгейі бойынша екінші орында Астана тұр. Мұнда мектепке дейінгі қызметтердің орташа құны 36 мың теңгені құрап, жалпы көрсеткіштен шамамен 20%-ға жоғары болды. Үздік үштікті Қостанай қаласы түйіндейді: мұнда да баға шамамен 36 мың теңге болып, орташа деңгейден 19,4%-ға артық.

Сонымен қатар, жоғары баға байқалған қалалардың қатарында Өскемен (35,7 мың теңге) және Павлодар (33,1 мың теңге) бар.

Ал ең төменгі баға Түркістан қаласында тіркелді — небәрі 12,7 мың теңге. Бұл көрсеткіш, мысалы, Алматымен салыстырғанда 66,7%-ға арзан. Сондай-ақ Тараз (19,3 мың теңге) және Қызылорда (19,4 мың теңге) қалаларында да қызмет бағасы салыстырмалы түрде төмен деңгейде қалып отыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар