Мобильді ойындар үстемдік етуде: әлемдік гейминг индустриясы рекорд жаңартты
- авторБақытжан Бекболат
- 7 қазан, 2025
- 540
Ranking.kz порталының дерегінше, әлемде видеойындар ойнайтын адамдардың саны жыл сайын артып келеді. 2024 жылы олардың қатары 3,4 миллиардтан асқан болса, биыл бұл көрсеткіш 3,6 миллиард адамға жетеді деп болжануда — бұл бір жыл ішіндегі 4,4% өсім, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сарапшылардың есебінше, 2028 жылға қарай геймерлердің саны тағы 10,3%-ға көбейіп, шамамен 4 миллиард адамға жетпек.
Нарықтың көшін мобильді ойындар бастап тұр
2025 жылы видеойындар нарығының жалпы көлемі жүздеген миллиард долларға бағаланбақ. Оның 55%-ы немесе 103 млрд АҚШ доллары мобильді ойындарға тиесілі. Бұл смартфондардың күнделікті өмірде кеңінен қолданылуымен тікелей байланысты.
Келесі орында — консольдік ойындар (46 млрд доллар) және компьютерлік ойындар (40 млрд доллар).
Ең ірі нарық – Азия-Тынық мұхиты өңірі
Аймақтар бойынша Азия-Тынық мұхиты елдері көш бастап тұр: мұндағы нарық көлемі 87,6 млрд доллар, яғни әлемдік үлестің 46%-ы. Сонымен қатар бұл өңірде планета геймерлерінің жартысынан астамы — 53% тұрады.
Одан кейін Солтүстік Америка орналасқан — 53 млрд доллар көлемімен ол геймерлер саны аз болса да, табысы жоғары нарық саналады.
Еуропада бұл көрсеткіш 33 млрд доллар, ал Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африка өңірлері бірге алғанда 15 млрд доллардан сәл асады.
2025 жылы ойындарға ақша жұмсайтын геймерлердің саны 1,6 миллиард адамға жетеді деп күтілуде. Бір ойыншының орташа шығыны шамамен 120 АҚШ долларын құрайды.
Ең көп қаражат жұмсайтын ойыншылар Қытай мен АҚШ-та шоғырланған — бұл екі елдің үлесіне нарықтың жартысынан астамы тиеді. Сонымен қатар Жапония, Оңтүстік Корея, Германия және Ұлыбритания да белсенді ойын сатып алушылар қатарында.
Қазақстан нарығы: серпінді өсу мен құлдырау
Қазақстанда да видеойын индустриясы біртіндеп қалыптасып келеді. Бюро ұлттық статистикасы АСПиР РК мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар–маусым айларында компьютерлік ойындарды шығару қызметтерінің көлемі 3 млрд теңгеден асқан, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға көп.
Ең ірі серпіліс 2023 жылы тіркелді — сол жылы елге Ресейден көптеген IT-компаниялар қоныс аударған еді. Нәтижесінде нарық көлемі 21 млрд теңгеден асып, бір жыл ішінде 11 есеге артқан.
Алайда 2024 жылы көрсеткіш күрт төмендеп, 7 млрд теңге шамасында қалыптасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Габаладағы Конгресс-орталыққа барды
Ұқсас жаңалықтар
«Ақырзаман жақындады»: Ғалымдар тосын мәлімдеме жасады
- авторБақытжан Бекболат
- 20 қазан, 2025






