дүйсенбі, 22 желтоқсан, 2025 23:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді

Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтеді
Aqorda
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттер алдында салмақты шешім мен үйлесімді әрекетті талап ететін күрделі міндеттер тұрғанына назар аударды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президент келесі жылы Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық ету миссиясы Қазақстан Республикасына өтетінін еске салды. Мемлекет басшысы еліміз жаңа табысқа қол жеткізіп, бірлестік елдерінің игілігін еселеу үшін нәтижелі жұмыс жүргізуге ниетті екенін жеткізді. 

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы 28-29 мамырда Астанада өтетінін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйым төрағасы міндетін табысты атқарғаны үшін Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкоға алғыс айтты. 

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылданды. 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар