сейсенбі, 23 желтоқсан, 2025 0:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі

Ең төменгі зейнетақы мөлшері өседі
Canva
Аталған өзгерістер 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қарастырылған.

2026 жылы Қазақстанда ең төменгі зейнетақы көлемі артады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған өзгерістер 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қарастырылған.

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 049 теңгеге дейін өседі. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 62 771 теңгені құрайды. Яғни зейнетақы көлемі 6 278 теңгеге ұлғаяды. Сонымен бірге базалық зейнетақы төлемі де көбейіп, 2026 жылы 35 596 теңгеге жетпек. Бұл бағыттағы өсім 3 236 теңгені құрайды.

Индексация жүргізілгеннен кейін 2026 жылы ең төменгі зейнетақы 104 645 теңге болса, ең жоғары мөлшері 238 412 теңгеге дейін барады.

Айта кетсек, Қазақстанда зейнетке шығу жасы ер адамдар үшін 63 жас, ал әйелдер үшін 61 жас деңгейінде қалып отыр. Бұл талап 2028 жылға дейін өзгермейді. 2025 жылғы 1 қарашадағы дерекке сәйкес, елдегі зейнеткерлер саны 2 миллион 516 мың адамды құраған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар