жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Украина Премьер-министрі отставкаға кетті: Зеленский Юлия Свириденкоға Украина үкіметін басқаруды ұсынды

Украина Премьер-министрі отставкаға кетті: Зеленский Юлия Свириденкоға Украина үкіметін басқаруды ұсынды
Фото: Украина Президентінің баспасөз қызметі
Украинада Премьер-министр Денис Шмыгальдің қызметтен кететіні туралы әңгімелер соңғы үш жыл бойы айтылып келе жатқанымен, енді бұл шындыққа айналуы мүмкін

14 шілде күні ел президенті Владимир Зеленский бірінші вице-премьер Юлия Свириденконы жаңа үкіметті басқаруға ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz dw.com-ға сілтеме жасап.

Ол бұл шешімін атқарушы билікті жаңарту қажеттілігімен және халықаралық серіктестермен жасалған келісімдерді іске асырумен түсіндірді. Өз кезегінде Свириденко бұл ұсынысты қабыл алды. Ал Шмыгаль президенттің мәлімдемесінен кейін отставка жөнінде өтініш берді.

Жаңа үкіметке дауыс беру алдағы күндері Жоғарғы Радада өтпек. Алайда "Әскери жағдай туралы" заңның 10-бабында соғыс жағдайы кезінде президент, Жоғарғы Рада, Министрлер кабинеті, Ұлттық банк және бірқатар басқа да мемлекеттік органдардың өкілеттігін тоқтатуға болмайтыны нақты жазылған.

Оппозициялық саясаткерлер мұндай жағдайда үкіметті ауыстыру заңның талаптарына қайшы келуі мүмкін деп санайды. "Кеше ғана Жоғарғы Рада әскери жағдайды ұзартты, ал енді оның 10-бабын бұзғалы отыр. Мұның бәрі заңда нақты жазылғанымен, оны өзгерту немесе нақтылап қайта жазу қажет екені бәріне түсінікті", – деді оппозициялық "Голос" фракциясының депутаты Ярослав Железняк.

Саясаттанушы, Ұлттық тұрақтылық және бірлік платформасының тең құрылтайшысы Олег Саакянның пікірінше, парламент бұл заң нормасына қарамастан, саяси мақсатты бірінші орынға қойып, шешімді қабылдауы мүмкін. "Депутаттар Конституциялық сотқа шағымдана алады, бірақ соттың шешімді жылдам шығаратынына сенім жоқ", – деді ол DW басылымына берген пікірінде.

Зеленский субординацияны бұзды ма?

Зеленскийдің Юлия Свириденконы ашық түрде премьерлікке ұсынуы да сынға ұшырады. Украина заңына сәйкес, премьер-министрді тағайындау – Жоғарғы Раданың құзырындағы іс. Президент үміткерді ұсына алады, бірақ бұл үміткерді алдымен парламенттік коалиция ұсынуы тиіс.

Оппозиция бұл әрекетті өткір сынға алды. "Бұл — барып тұрған заңсыздық. Соғыс жағдайында, заң жүзінде үкіметті ауыстыруға тыйым салынған кезде, парламенттік-президенттік республикада шешімді парламент емес, президент айтып отыр. Ал "Слуга народа" депутаттары бұл жаңалықты интернеттен білген", – деп жазды "Еуропалық ынтымақ" оппозициялық фракциясының тең төрайымы Ирина Геращенко Telegram парақшасында.

Шмыгаль үкіметі неге президентке ұнамай қалды?

Премьер-министр Денис Шмыгаль — Украина тарихындағы ең ұзақ қызмет атқарған үкімет басшысы. Ол бұл қызметте бес жылдан астам уақыт отырды. Бұған дейін оны қызметтен босату әрекеттері болғанымен, парламентте жеткілікті қолдау табылмаған. Ал қазіргі жағдайда жаңа премьерге дауыс беруге қажетті қолдау бар, дейді саясаттанушы, "Пента" қолданбалы саяси зерттеулер орталығының төрағасы Владимир Фесенко.

"Қазіргі таңда парламентте кадрлық мәселелер бойынша дауыс беруге қажетті дауыстар жетеді. Бұл тек "Слуга народа" фракциясы ғана емес, сонымен қатар мажоритарлы округтерден сайланған депутаттар мен бұрынғы ОПЗЖ партиясының өкілдері де үкімет немесе Президент кеңсесінің ұсыныстарын жиі қолдайды", – дейді Фесенко.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар