жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ресми күнтізбесі жарияланды

Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарының ресми күнтізбесі жарияланды
Фото: olamsport.com
2028 жылғы Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 14 шілде күні өтеді

2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ресми жарыс күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олимпиаданың ресми ашылу салтанаты 2028 жылдың 14 шілдесіне белгіленгенімен, алғашқы жарыстар 12 шілдеден басталады. Бұл күндері алты спорт түрінен іріктеу кездесулері өтеді. Атап айтқанда, футбол, регби-7, алаңдағы хоккей, гандбол, су добы және крикет спортшылары алғашқы айналымда бақ сынайды.

Ашылу салтанаты ерекше форматта ұйымдастырылады — бір мезетте екі ірі спорт кешенінде: тарихи Los Angeles Memorial Coliseum және заманауи SoFi Stadium ареналарында өтеді. Бұл — Олимпиада тарихында сирек кездесетін қосарланған формат.

Алғашқы жүлделер 15 шілдеде сарапқа салынады. Алтын медаль иелерінің есімдері ең алдымен триатлон жарысында белгілі болмақ. Осы күннен бастап Олимпиаданың нағыз қызған сәттері басталады.

29 шілде – шешуші күндердің бірі. Бұл күні 35 финалдық бәсеке өтіп, жүлделердің қомақты бөлігі өз иесін табады. Олимпиаданың соңғы күні — 30 шілдеде, баскетбол, гандбол, су добы сынды командалық спорт түрлері бойынша чемпиондар анықталып, ойындардың ресми жабылу салтанаты Coliseum стадионында ұйымдастырылады.

Жалпы LA28 бағдарламасына 32 спорт түрі енгізілген. Әр спорттың жарыс уақыты, финалдық кезеңдері мен өтетін орындары жайлы толық ақпарат LA28 ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында ұсынылған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар