Спорт
Александр Шевченко Аустралиядағы жарысты жеңіспен бастады
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026
- 164
Шевченко 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстанның екінші, әлемнің 106-ракеткасы Александр Шевченко Аделаида (Аустралия) АТР 250 турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында әлемнің 98-ракеткасы, испаниялық Карлос Табернердің мысын басты.
Бір сағат 10 минутқа созылған бәсекеде Шевченко 7 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды. Табернер 1 эйспен шектелді.
Александр Шевченко іріктеу сайысының финалында әлемнің 79-ракеткасы, аустралиялық Филип Мисоличпен сынға түседі. Оны ұтқан жағдайда негізгі додаға жолдама алады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2026






