Спорт
Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 11 қаңтар, 2026
- 191
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Jambylinfo.kz
«2024 жылдың соңында құрылған U22 құрамасының жобасы өз жұмысын тоқтатады, алайда аталмыш команда боксшылары ұлттық құрама сапына қосылады. Бақыт Сәрсекбаев бұдан былай жастар құрамасының тізгінін ұстайды. Ол бұл қызметте Мақсат Бақтыбазаровтың орнын басты.
Сәрсекбаев Бақыт Абдрахманұлы 29.11.1981 жылы дүниеге келген.
Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008), Азия Ойындарының жеңімпазы (Доха 2006), үш дүркін Азия чемпионы.
2024 жылы желтоқсан айынан U22 командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарды», - делінген федерация хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты
- авторМағжан Орынбасар
- 29 қаңтар, 2026






