бейсенбі, 2 сәуір, 2026 18:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Асаубаева әлемдік турнирде көш бастап келеді

Асаубаева әлемдік турнирде көш бастап келеді
Фото: ©instagram.com/kzchessfederation
Қазіргі таңда Бибісара 2,5 ұпай жинап, көш басында келеді.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева соңғы ойынында қытайлық мықты гроссмейстер Тань Чжунъимен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Әлем чемпионы атанған қарсыласына қарсы ол тартысты партия өткізді. Екі шахматшы да барын салғанымен, кездесу тең нәтижемен аяқталды.

Бұл турнирге әлемнің үздік шахматшылары жиналған. Олардың қатарында Қытай өкілі Чжу Цзиньэр, бейтарап ту астында өнер көрсетіп жүрген Александра Горячкина мен Катерина Лагно, Украина шахматшысы Анна Музычук, сондай-ақ Үндістаннан Дивья Дешмух пен Вайшали Рамешбабу бар.

Қазіргі таңда Бибісара 2,5 ұпай жинап, көш басында келеді. Ол 2004 жылдың 26 ақпанында дүниеге келген. Былтыр гроссмейстер атағына ие болған шахматшы бұған дейін, 2020 жылы халықаралық шебер, ал 2019 жылы әйелдер арасындағы гроссмейстер атанған еді.

Бибісара шахматқа төрт жасынан бастап қызығушылық танытқан. 2011 жылы ол 8 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар блиц шахматтан үш дүркін әлем чемпионы (2021, 2022, 2025) болса, рапид бойынша 2021 жылғы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар