Қазақстандық семсерлесуші жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 09:59
- 72
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы жүлдеге қол жеткізді. Сайыс қорытындысы бойынша қазақстандық қылыштасушы Нұрмұхаммед Жайлыбай жүлдегерлер қатарына енді.
Ол жартылай финалға дейін жетіп, бұл кезеңде түркиялық Фуркан Яманға 13:15 есебімен жол берді. Осылайша, отандасымыз қола медаль иеленді.
Жарыс барысында Жайлыбай бірқатар мықты қарсыластарды жеңді. Атап айтқанда, венгриялық Даниэль Беркешиді (15:6), жапониялық Мотоки Кавахараны (15:7), ресейлік Ярослав Борисовты (15:14) және АҚШ спортшысы Эмилио Патурзоны (15:13) тізе бүктірді.
Айта кетейік, тағы бір қола жүлде мысырлық Ахмед Хешамға бұйырды. Ол жартылай финалда америкалық Уильям Морилге есе жіберді. Ал турнир жеңімпазы атанған — Фуркан Яман.






