жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға төленетін қаржылай қолдау бірыңғай жүйеге келтірілді

Қазақстанда спортшылар мен жаттықтырушыларға төленетін қаржылай қолдау бірыңғай жүйеге келтірілді
Фото: Jambylinfo.kz
Министрлік бұл шара жыл сайынғы қайта қарауды қажет етпей, инфляцияға сай автоматты түрде түзетіліп отыратынын атап өтті.

Қазақстанда ұлттық құрама сапындағы спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін төлем мөлшері бір жүйеге келтірілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл өзгеріс жаңа «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң аясында жүзеге асып отыр.

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, төлемдер бұрын өңірлерде әртүрлі белгіленетін. Енді бірыңғай стандарт енгізіліп, мөлшер 5-тен 250 АЕК-ке дейін (2025 жылғы есеппен 19 660 – 983 000 теңге) бекітілді.

Министрлік бұл шара жыл сайынғы қайта қарауды қажет етпей, инфляцияға сай автоматты түрде түзетіліп отыратынын атап өтті.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға сыйақы халықаралық және республикалық жарыстардағы жетістіктеріне байланысты, жергілікті әкімдіктер арқылы бұрынғыдай төлене береді. Ол келесі жарысқа дейін және спорттық мансап жалғасқан жағдайда ғана беріледі.

Жаңа тәртіп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана әкімдіктерімен және ҚР Қаржы министрлігімен келісілген.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар