Спорт
Азия чемпионаты: Сағындық Тоғамбай жартылай финалға өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 5 сәуір, 2026
- 168
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сағындық Тоғамбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
90 келідегі Сағындық Тоғамбай 1/4 финалда Қытай спортшысы Хан Хуеженмен жұдырық түйістірді.
Қос боксшы да 3 раунд бойы дамылсыз ауыр соққыларымен алмасты. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен Сағындықты жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, Сағындық Тоғамбай 2024 жылғы Азия чемпионы саналады.
Ұқсас жаңалықтар
Спорт
Жәнібек Әлімханұлы мен Дензел Бентли реванш өткізуі мүмкін
- авторБақытжан Бекболат
- 6 сәуір, 2026






