Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогінде топ жарды
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 наурыз, 2026
- 18
Түркия астанасында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметінің мәліметінше, екі күнге созылған жарыста қазақстандықтар 6 алтын, 3 күміс және 7 қола медаль жеңіп алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте І-орынға ие болды.
Атап айтқанда, Бекарыс Құдайберген (-50 кг), Баубек Ахмет (-60 кг), Бекали Еркен (-73 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг), Фатима Сұпығалиева (-52 кг), Інжу Жұмажан (-57 кг) өз салмақ дәрежелері бойынша чемпион атанды.
Сондай-ақ Расулхан Ғабит (-60 кг), Еркеназ Сембек (-57 кг), Тоғжан Төлеубай (+70 кг) күміс медаль иеленді.
Ал Әділжан Нұрбекен (-50 кг), Ерік Үсенов (-66 кг), Нұралы Мәулетхан (-73 кг), Шыңғыс Қонысбек (-90 кг), Ердәулет Жұмабай (+90 кг), Адия Жұмахмет (-40 кг), Зере Талғатқызы (-48 кг) қоладан медаль тағынды.
Жасөспірімдер додасына 21 елден 550 дзюдошы қатысып, бақ сынады.






