жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін: Андре Уордтың үш ықтимал қарсыласы аталды

Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін: Андре Уордтың үш ықтимал қарсыласы аталды
olympic.kz
Sports Illustrated Андре Уордтың ықтимал қарсыластарының тізімін жариялады. Олардың арасында 2022 жылдан бері жекпе-жекке шықпаған қазақстандық Геннадий Головкин де бар. Сарапшылар қос боксшының кездесуін Майк Тайсон мен Рой Джонстың айқасына теңейді.

Андре Уорд кәсіпқой бокстан кеткен сәтінде pound-for-pound рейтингінің көшін бастап тұрған еді. Ол небәрі 31 жасында рингтен кетіп, супер орта және жартылай ауыр салмақта әлем чемпионы атағын иеленіп үлгерді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz www.si.com-ға сілтеме жасап.

Жуырда Окленд, Калифорния тумасы әлеуметтік желіде тек бұрынғы ауыр салмақ чемпионы Энтони Джошуамен кездесу үшін ғана спортқа қайта оралатынын және бұл жекпе-жекте өзінің жеңіліссіз көрсеткішін тәуекелге қоятынын мәлімдеді.

Егер бұл мега-айқас жүзеге аспай қалса, Sports Illustrated Андре Уордтың ықтимал үш қарсыласын атады.

Геннадий Головкин

Заманының ең танымал боксшыларының бірі – «GGG» лақап атымен белгілі қазақстандық Геннадий Головкин. Бұл жекпе-жек бұрыннан «егер өтсе» деп айтылатын армандағы айқастардың қатарында. 2015 жылы қос боксшы кездесу өткізуге жақын қалған, алайда Roc Nation Sports дерегінше, Головкин командасы келісімшартты шамамен жарты сағат қарап шығып, жекпе-жектен бас тартқан. Себебі сол кезде Головкин орта салмақта Давид Лемьеге қарсы біріктіру айқасына дайындалып жатқан еді.

Қазір 43 жастағы Головкин 2022 жылдан бері рингке шықпаған. Сол жылы ол екінші орта салмақта абсолютті чемпион атағы үшін Сауль «Канело» Альвареспен кездесіп, трилогиядағы соңғы айқаста жеңілген. Сарапшылардың пікірінше, ол мансабын осы жеңіліспен аяқтағысы келмей, бір мәрте соңғы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Уорд пен Головкиннің кездесуі Майк Тайсон мен Рой Джонстың көрерменге сыйлаған сәтіндей есте қаларлық оқиға болар еді.

Тони Белью

Ұлыбританияның бұрынғы крузервейт чемпионы, бүгінде 43 жастағы Тони Белью рингке қайта оралу мүмкіндігі жайлы талай айтқан. Оның соңғы жекпе-жегі – 2018 жылы аса мықты боксшылардың бірі Александр Усикке қарсы нокаутпен аяқталған айқас.

2024 жылы Белью өз елінің тағы бір әйгілі боксшысы, Андре Уордтың бұрынғы қарсыласы Карл Фрочпен аралық салмақта (catchweight) кездесу өткізуге дайын екенін меңзеген. Егер Уорд Уэмбли стадионында үлкен жекпе-жек ұйымдастыруды ойласа, Бельюмен айқас та үлкен көрермен жинай алатын еді. Өйткені ол Ұлыбританиядағы ең танымал бұрынғы чемпиондардың бірі саналады.

Айтпақшы, қос боксшының өзара айқасы спортшылардың «алтын шағында» да сөз болған.

Джейк Пол

Соңғы нұсқа – америкалық блогер-боксшы Джейк Пол. Андре Уорд Даллас қаласында өткен Майк Тайсон мен Джейк Полдың жекпе-жегін тамашалап, одан кейін Джейк Пол осындай айқасқа қызығушылық танытса, жауап беруге әзір екенін айтты.

Алайда әзірге Уорд та, Пол да бір-біріне емес, Уэмбли стадионында Энтони Джошуамен өтетін мүмкін жекпе-жекке назар аударып отыр.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар