жексенбі, 1 ақпан, 2026 17:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шавкат Рахмоновқа қатысты жағымсыз жаңалық тарады

Шавкат Рахмоновқа қатысты жағымсыз жаңалық тарады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94
Осыған байланысты спортшы шамамен 9–10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

UFC-де әлі бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов тізесінен қайта жарақат алып, хирургиялық ота жасатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Осыған байланысты спортшы шамамен 9–10 ай бойы октагонға шыға алмайды.

Бұл ақпаратты танымал спорт журналисі Ариэль Хельвани әлеуметтік желідегі парақшасында файтердің менеджері Дэнни Рубинштейнге сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін Рахмоновтың Алматыда өткен Naiza лигасының турниріне балдақпен келуі жанкүйерлер арасында алаңдаушылық тудырған еді.

«Өкінішке қарай, жағымсыз жаңалық. Шавкат Рахмонов тізесін қайта жарақаттап, жақында ота жасатты. Бұл – оны бір жылдан аса уақыт бойы октагоннан алыстатқан сол тізе. Қалпына келу мерзімі шамамен 9–10 ай», – деп жазды Хельвани.

Айта кетейік, бұған дейін файтердің бапкері Эдуард Базров та спортшының денсаулығына қатысты қиындықтар бар екенін растаған болатын.

 

 

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар