жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы
Pixabay.com
1995 жылғы 30-тамызда қабылданған адам және азаматтардың құқықтарын реттейтін, мемлекеттің негізгі құрылысын айқындайтын негізгі заң - Ата Заңымыз Қазақстан Республикасы Конститутциясының 7-бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі» деп мемлекеттік тілдің мәртебесі айқын көрсетілген.

Сонымен қатар, тілдердің қолданылуының құқықтық аясын реттейтін Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 4-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» екені нақты белгіленген. Мемлекеттік тіл – бұл мемлекеттік бүкіл аумағында қоғамдық қатынастың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі екені барлығымызға мәлім. Мемлекет өз тарапынан нормативтік құқықтық актілерлер шығару арқылы мемлекеттік тіліміздің мемлекет аумағында басымдалығын нақтылап берді. Алайда, оның одан әрі қарай қолданылу аясын кеңейту ол әрқайсымыздың қолымызда. Әрбіріміз күнделікті қызмет көрсетулерде, отбасында, сауда-саттық мәселелерінде қолдану арқылы біз тілімізді одан әрі қуаттаймыз.

Бұған қоса, мемлекеттік тіл ел тәуелсіздігінің ең маңызды нысаны болып келеді. Тіл әр ұлттың рухани келбетін көрсететін төлқұжат болып табылады. Қазақ халқы жылдар бойы аңсап келген тәуелсіздігінің арқасында тұңғыш рет өзінің ана тілінің мәртебесін Ата Заңы арқылы белгіледі. Бұл біздің ұлтымыз үшін ұлы игілік болып табылады. Сондықтан оны дамыту, сақтау және құрметпен қарап, қолдану әрбіріміздің азаматтық парызымыз.

Тараз қаласының әкімшілік

құқық бұзуышылықтар

жөніндегі сотының сот приставы

Еламан Абылай Уланұлы

 

 

 

Бөлісу:
Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар