Қарызы табысынан екі есеге көп болған тараздық тұрғын қарыз өтеу кестесін сот арқылы өзгерте алды
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025
- 615
Тараз қаласының көпбалалы тұрғыны 6 миллион теңгеден асатын қарызын өтеу кестесін өзгерту туралы сот шешіміне қол жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйел соттан төлем қабілетін қалпына келтіру рәсімін қолдануды сұраған. Айтуынша, өзі оператор болып жұмыс істейді, жалақысы – 220 мың теңге. Ал тұтынушылық несиелер бойынша ай сайынғы төлемдері 395 мың теңгеден асады. Бұдан бөлек, отбасын асырауға да шығын кетеді. Балалардың әкесімен ресми некеде емес.
Сот тексеру барысында әйелдің бес банкке тұтынушылық несие бойынша берешегі бар екенін анықтады. Төрт банк оның талабына қарсы болған. Алайда бірінші сатыдағы сот оның уәждерін құжаттармен негізделген деп танып, әрекетін адал емес деп есептемеді. Соның нәтижесінде 60 айға арналған төлем қабілетін қалпына келтіру жоспары бекітіліп, ол енді қарызын мүмкіндігіне қарай өтейді.
Бұл шешімге екі банк шағымданғанымен, Жоғарғы сот алдыңғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






