жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Есірткі заттарын заңсыз өткізумен айналысқан": Оралда екі тұрғын 7 жылға сотталды

"Есірткі заттарын заңсыз өткізумен айналысқан": Оралда екі тұрғын 7 жылға сотталды
Фото: Polisia.kz
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Орал қалалық сотында аса ірі мөлшерде мефедрон психотроптық затының аналогтарын заңсыз өткізген М. және оның танысы Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. 
БҚО сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, М. заңсыз табыс табу мақсатында психотроптық заттардың аналогтарын жасырын қоймаларға орналастырып, олардың координаттарын белгілеп отырған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сатып алушыларды табу үшін ол танысы Д-ны тартып, Telegram мессенджері арқылы сату ісіне көмектесуді ұсынған. Д. өзінің әрекеттерінің заңға қайшылығын түсіне отырып, келісім берген және сатып алушыларға қоймалардың орналасқан жері туралы мәліметтерді жеткізіп отырған. 

Жедел іс-шаралар барысында Д. жасырын қызметкермен байланыс орнатып, оған мефедрон психотроптық затының аналогы салынған 5 зип-пакет жасырылған қойманың координаттарын жолдаған. Аталған зат тәркіленіп, сараптамаға жіберілген.

Бұдан бөлек, М-ның тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде оның жеке тұтынуы үшін заңсыз сақтаған ұнтақ тәрізді зат табылған.

— Сот М-ны ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары және 296-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Ал Д-ны ҚР ҚК 28-бабы 5-бөлігі мен 297-бабы 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша айыпты деп тапты. Оларға 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар