сейсенбі, 7 сәуір, 2026 21:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

450 млрд тенге инвестиция: Жамбылда жоғары энергиялы материалдар өндіретін екі зауыт салынады

450 млрд тенге инвестиция: Жамбылда жоғары энергиялы материалдар өндіретін екі зауыт салынады
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлемдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен «Barys Dynamics» холдингі басшысы Айбек Барыс өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесу барысында тараптар өнеркәсіп және қорғаныс-өнеркәсіп кешенінде сұранысқа ие өнімдер шығаратын жоғары технологиялық өндірістік кешен салуды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

Жоба төрт кезеңде жүзеге асырылады. Нәтижесінде шамамен 1100 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бұл халықты жұмыспен қамтуға оң әсерін тигізіп, жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы инвестиция көлемі 450 млрд тенгені құрайды.

Кездесу барысында болашақ өндірістің инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеп, заманауи технологиялық шешімдерді қолданатын болады.

Жоба шетелдік технологиялық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылып, бұл озық технологияларды енгізуге, өнім сапасын арттыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар