сейсенбі, 7 сәуір, 2026 21:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда республикалық олимпиада мәресіне жетті: жеңімпаздар марапатталды

Таразда республикалық олимпиада мәресіне жетті: жеңімпаздар марапатталды
Оқу-ағарту министрлігі
Тараз қаласында 10-11(12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.

Білім бәсекесі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерін қамтыды. Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысып, 121 жүлдені сарапқа салды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Олимпиада барысында қатысушылар әдеби талдау жасау, тарихи деректерді саралау, тілдік мәдениетті меңгеру және ғылыми пайымдау дағдылары бойынша өз білімдерін көрсетті.

Зияткерлік дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 24 оқушы І орын, 38 оқушы ІІ орын, 59 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өтуде. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиада үш қалада ұйымдастырылып, оған 925 оқушы қатысып, 423-і жеңімпаз және жүлдегер атанды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 720 оқушы бақ сынауда.

Зияткерлік сайыс эстафетасын 9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласы қабылдайды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар