дүйсенбі, 6 сәуір, 2026 23:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түзеу мекемесінде жеке құрам ішінде тексеру жүргізілді

Түзеу мекемесінде жеке құрам ішінде тексеру жүргізілді
Фото - ашық дереккөз
Сондай-ақ қызметкерлерге қызметтік тәртіп талаптарын сақтау және белгіленген ретті сақтау бойынша тиістті нұсқаулар берілді

ҚР ІІМ ҚАЖД №58 мекемесінде жеке құрамның жаздық киім үлгісіне тексеруі өткізілді,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 
Құрылымдық тексеруді Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұртаев Шахислам Рәпілбекұлы жүргізді.

- Құрылымдық тексерудің негізгі мақсаты қызметкерлердің сыртқы келбетін, әскери киімнің жағдайын, қызметтік куәліктердің болуын, сондай-ақ қызметтік тәртіп талаптарының сақталуын тексеру болды. Тексеру барысында әскери киімнің тазалығына, белгіленген айырма белгілерінің болуына, форманы дұрыс киюіне және қызметкерлердің қызмет атқаруға дайындығына ерекше назар аударылды. Құрылымдық тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлерге қызметтік тәртіп талаптарын сақтау және белгіленген ретті сақтау бойынша тиістті нұсқаулар берілді, - делінген ақпаратта. 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар