сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025 20:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды

Таразда есірткі жасырған ер адам полиция бақылауына алынды
Фото: Polisia.kz
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тараз қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жасырын қалдырып жүрген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында 22 жастағы ер адам Тараз қаласында есірткі заттарын жасырған сәтінде қолға түсті.

Күдіктіні тінту кезінде жалпы салмағы 14,13 грамм болатын ұнтақ тәрізді зат салынған 30 орама тәркіленді. Бұдан бөлек, оның тұрғылықты мекенжайында санкцияланған тінту жүргізіліп, салмағы 926,827 граммды құрайтын ұнтақ тәрізді зат табылды.

Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың синтетикалық есірткі – альфа-PVP екені анықталды. Барлық табылған есірткінің жалпы салмағы 940 грамм 957 миллиграммды құрады.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтау мақсатында жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар