Таразда сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 17:34
- 42
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №67 мекемесінде арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімше қызметкерлері сотталғандармен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығымен бекітілген «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидаларына» сәйкес жүйелі түрде тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Осы бағытта «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесі қарсаңында мекемеде жазаларын өтеп жатқан сотталғандар арасында бірқатар мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралар барысында қатысушылардың белсенділігі артып, патриоттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және салауатты өмір салтын ұстануға баса назар аударылды.
Өткізілген іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың оң мінез-құлқын қалыптастыруға және қоғамға қайта бейімделуіне оң ықпал етті.




