Жамбыл жаңалықтар
Таразда сотталғандар үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 27 қараша, 2025
- 203
Іс-шара барысында өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі музыкалық шығармалар орындады
Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемеде К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншілері сотталған азаматтар үшін концерттік бағдарлама өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, түрлі музыкалық шығармалар орындады. Мұндай мәдени бағдарламалар сотталғандардың рухани дамуына оң әсер етіп, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.






