жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Түркияға 227 мың тоннаға жуық жасымық экспортталды

Қазақстан Түркияға 227 мың тоннаға жуық жасымық экспортталды
gov.kz
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Мерсин қаласында өткен "AgroFood Summit-2025" аграрлық конференциясы аясында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ мен Түрік астық басқармасының өкілдері арасында ауыл шаруашылығы саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған келіссөздер өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Түркия жасымық импортында жетекші орын алып отыр. 2024 жылы елге 141 мың тонна жасымық жеткізілсе, 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында бұл көрсеткіш 226,8 мың тоннаға дейін өсті.

Кездесу барысында тараптар қазақстандық жасымықтың жоғары сапасы, тұрақты жеткізілімдері және тиімді логистикалық тізбектері оның сұранысын арттырып отырғанын атап өтті.

«Қазақстан егіс алаңдарын әртараптандыру бағытын жүйелі түрде жалғастыруда, және оның нақты нәтижелері бүгінде айқын байқалады. 2025 жылы дәнді-бұршақ дақылдарының жалпы өнімі алғаш рет 1 млн тоннадан асып, оның 80 пайызы жасымық болды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ТМО сұранысына сәйкес ұзақ мерзімді келісімдер аясында азықтық бидайды, дәнді-бұршақ және майлы дақылдардың кең сұрыпталымын жеткізуге әзір», – деді корпорация төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмагулов.

Келіссөздер барысында тараптар қорларды басқару, нарықты реттеу, сатып алу кампанияларын жүргізу және экспорттық жеткізілімдерді ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Түрік мемлекеттік астық басқармасы (ТМО) Азық-түлік келісімшарт корпорациясының қызметіне ұқсас функцияларды орындайды. ТМО астық өндірісін қаржыландырумен, мемлекеттік резервке бидай сатып алумен және ішкі нарықта тұрақты бағаны ұстап тұрумен айналысады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар