«Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» тақырыбында семинар-тренинг өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 тамыз, 2025
- 432
Тараз қаласы «Достық үйінде» үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Тиімді коммуникациялар және азаматтық белсенділермен ынтымақтастық» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Семинар-тренинг мақсаты азаматтық белсенділер, үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы билік арасында ынтымақтастық саясатын жүргізу.

Іс-шараның тренерлері — «Жамбыл облысының КЕҰ Ассоциациясы» заңды тұлғалардың бірлестігінің басшысы, трансформациялық бизнес-тренер — Заурбекова Айнұр Орынтайқызы, «Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың бірлестігінің басқарма төрағасы, заң ғылымдарының магистрі Дастан Исламбек Дастанұлы және «Жамбыл облысы Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, волонтерлық бастамаларды қолдауға арналған 12 шағын гранттың жеңімпазы Намелбек Азамат Намелбекұлы жүргізді.

Семинар барысында ҮЕҰ арналған сыйлықақы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары және «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» шағын гранттары секілді өзекті тақырыптар талқыланды. Семинар-тренинг интерактивті формада ұйымдастырылды, қатысушылар мәселелерді талдап, ұсыныстар жасап, өз ойын білдірді. Семинар-тренинг соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар таратылды.
Жамбыл облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025




