жұма, 5 желтоқсан, 2025 14:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Жамбыл облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр
Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметі
Жалпы, биыл облыс бойынша шамамен 3,8 миллион тонна ауыл шаруашылығы өнімін алу жоспарланып отыр.

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 2025 жылғы ауыл шаруашылығы маусымында өңірде 640 мың гектар жерге егіс орналастырылды. Оның ішінде:
    •    Дәнді дақылдар – 361,9 мың га,
    •    Майлы дақылдар – 38,1 мың га,
    •    Бақша дақылдары – 12,7 мың га,
    •    Картоп – 8,3 мың га,
    •    Көкөніс – 31,1 мың га,
    •    Мал азығы – 181,3 мың га.

Бүгінгі күні егін жинау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мысалы, масақты дәнді дақылдардың 294,5 мың гектары орылып, 260,5 мың тонна өнім алынды. Сонымен қатар:
    •    Картоп – 1,6 мың га жиналып, 35,5 мың тонна,
    •    Көкөніс – 6,8 мың га жиналып, 192,3 мың тонна,
    •    Майлы дақылдар – 2,5 мың га жиналып, 1,7 мың тонна,
    •    Бақша дақылдары – 8,8 мың га жиналып, 245,2 мың тонна өнім берді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар