Жамбыл облысы: Су инфрақұрылымын дамытуға 1,6 млрд теңге бөлінді
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 491
2025 жылы облыстағы ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға 5 нысан бойынша 1,6 млрд теңге бөлінді. Жалпы жобалардың сметалық құны – 9,5 млрд теңге.
Аталған нысандардың қатарында:
• Тасөткел бөгетін қайта жаңғырту
• Қайнар ауылындағы 3 800 гектар суармалы жерге су жеткізетін құбыр
• Андас-3 тоғаны
• Мойынқұм ауданындағы гидроқұрылыс
• Т. Рысқұлов ауданындағы Қарақат су каналы
Жыл соңына дейін 3 нысан – Тасөткел бөгетін қайта жаңғырту, Қайнардағы су құбыры және Қарақат су каналы – толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған екі жоба – Андас-3 тоғаны мен Мойынқұм ауданындағы гидроқұрылыс – 2026 жылға өтпелі.
Мамандардың айтуынша, бұл жобалар өңірдегі суармалы егіс алқаптарының өнімділігін арттыруға және су ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.




