жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында биыл 9 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі

Жамбыл облысында биыл 9 мәдениет нысаны пайдалануға беріледі
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  2025 жылы облыста жалпы сметалық құны 4,0 млрд теңгені құрайтын 12 мәдениет нысанының құрылысына 0,8 млрд теңге қаржы бөлінді. Жыл соңына дейін олардың 9-ында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріледі. Қалған 3 нысанның құрылысы 2026 жылға өтпелі. 

Атап айтсақ: 

    •    Тараз қаласы – 2 нысан: биыл – Тектұрмас кешеніндегі Ежелгі бекініс, өтпелі – Құмшағал алқабындағы Мәдениет үйі.
    •    Байзақ ауданы – 1 нысан: Мырзатай ауылындағы Мәдениет үйі.
    •    Жамбыл ауданы – 1 нысан: Қызылқайнар ауылындағы Мәдениет үйі.
    •    Жуалы ауданы – 1 нысан: Көлбастау ауылындағы Мәдениет үйі.
    •    Қордай ауданы – 2 нысан: Қақпатас және Үлкен Сұлутөр ауылдарындағы Мәдениет үйлері.
    •    Мойынқұм ауданы – 1 нысан: Айдарлы ауылындағы Мәдениет үйі.
    •    Т. Рысқұлов ауданы – 1 нысан: Жаңатұрмыс ауылындағы Мәдениет үйі.
    •    Талас ауданы – 2 нысан, өтпелі: Ойық және Үшарал ауылдарындағы Мәдениет үйлерін қайта жаңғырту.
    •    Шу ауданы – 1 нысан: Белбасар ауылындағы Мәдениет үйі.

Бүгінгі күнге дейін 3 нысанның құрылысы аяқталды. Олар: Тараз қаласындағы Тектұрмас кешенінде орналасқан Ежелгі бекініс, Байзақ ауданындағы 120 орындық Мырзатай ауылдық Мәдениет үйі және Жамбыл ауданындағы 180 орындық Қызылқайнар ауылдық Мәдениет үйі.

Мамандардың айтуынша, бұл нысандар өңірдің мәдени өмірін жандандырып, тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасайды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар