жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 40 граммнан астам синтетикалық есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында 40 граммнан астам синтетикалық есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысында «Қарасора-2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі тасымалдауға күдікті азаматты құрықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жедел іс-шараға қызметтік ит «Сэм» тартылып, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 228-шақырымында «Alphard» маркалы автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде жолаушылардың бірінен 40 граммнан астам мефедрон есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдіктінің Шу қаласының тұрғыны екені анықталды. Ол тыйым салынған затты Алматы қаласына жеткізбек болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі құралдарын аса ірі көлемде заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар