Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 25 тамыз, 2025
- 1.5k
Бұл туралы Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Синоптиктердің мәліметінше, өңірде төтенше өрт қаупі сақталып, орманды және дала алқаптарында өрт шығу қаупі жоғары, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«"Қазгидромет" РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 25 тамызда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 25 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Төтенше өрт қаупі сақталады.
Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары мен қонақтары! Қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар!» — делінген департаменттің таратқан хабарламасында.






