Жамбылда су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап көлемі артты
- авторМағжан Орынбасар
- 1 желтоқсан, 2025
- 139
Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев саладағы жылдық көрсеткіштерді қорытындылай келе мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның сөзінше, көктемгі және күзгі дала жұмыстарын қаржыландыру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы «Кең дала» және «Кең дала 2» бағдарламалары аясында облысқа 7 млрд. теңге қаржы қарастырылған.
- Бүгінгі күні 211 шаруадан 5 млрд. теңгеге өтінім түсіп, 209 шаруаға 4,9 млрд. теңге қаражат 5%-дық несиемен берілді. Қалған 2 млрд. теңгеге осы қараша айынан бастап 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға өтінімдер қабылданып жатыр. Үстіміздегі жылы 762 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, оның ішінде 348 өздігінен жүретін, 414 аспалы және тіркеме техника сатып алынды. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 5,6%-ды құрады. Былтырғы көрсеткіш 6 пайызды құраған, - деді ол.
Сонымен қатар облыста ағын суды үнемдеу және өнім көлемін арттыру мақсатында су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап биылғы жылы 11,0 мың гектарға артып, 66,5 мың гектарды құраған. Оның 40,4 мың гектары тамшылатып, 23,5 мың гектары жаңбырлатып суару және 2,5 мың гектары лазерлік жоспарлаушы технологиялар.
- Қант қызылшасына келсек, бүгінгі күні 4,2 мың гектар алқап жиналып, 204,7 мың тонна өнім алынса, оның 186,6 мың тоннасы зауытқа өткізілді. Зауыт алданда кептеліс тудырмау мақсатында әр ауданға шекті лимит беріліп, арнайы талондар арқылы қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 6,6 мың гектар қант қызылшасынан 250 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қант қызылшасын субсидиялауға жергілікті бюджеттен 6,9 млрд. теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде. Аймақта ауыл шаруашылығында өндірілген жалпы өнімнің 52 пайыздан астамы мал шаруашылығы саласына тиесілі. Бүгінгі күні өңірдегі жалпы мал саны 3,7 млн. басты құраса, оның ішінде мүйізді ірі қара саны - 441,1 мың басты, қой саны - 3,1 млн. басты, жылқы саны - 179,7 мың басты, түйе саны - 8,3 мың басты, құс саны - 1,8 млн. басты құрады, - деді Төлебек Құлекеев.
Мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде салада өндірілген ет өнімдері - 2,7%-ға, сүт өнімдері - 1,6%-ға ұлғайды. Оның ішінде ет өндірісі - 96 056,4 тонна, сүт өндірісі - 196 747,1 тоннаға артқан. Жыл басынан бері 4 629,9 тонна ет және 539,8 тонна шұжық өнімдері Қырғызстан, Катар, Кувейт, БАӘ, Ресей, Сауд Арабиясы, Иран, Германия сынды шет мемлекеттерге экспортталған. Оның ішінде 675,1 тонна сиыр еті, 1 419,6 тонна қой еті, 0,4 тонна жылқы еті, 1 721,5 тонна құс еті, 813,1 тонна малдың ішкі өнімдері бар.
- Облыста ет өндірісін дамыту мақсатында сыйымдылығы 1000 бастан жоғары 9 мал бордақылау алаңдары жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, 50 бастан 400 басқа дейінгі қуаттылығы 15 мың тоннаны құрайтын 43 шаруа қожалық және 400 бастан жоғары қуаттылығы 4 мың тоннаны құрайтын 2 агроқұрылым сүт өндірумен айналысуда. 2025-2026 жылғы мал қыстатуға 450,1 мың бас мүйізді ірі қара, 3,2 млн. бас қой-ешкі, 183,6 мың бас жылқы, 8,3 мың бас түйе түсті. Жем-шөп теңгеріміне сәйкес ағымдағы жылы қыстауға түсетін мал санына қарай 2,2 млн. тонна пішен, 480,3 мың тонна сабан, 119,9 мың тонна пішендеме, 92,1 мың тонна сүрлем дайындалды. Бұдан бөлек, қыстау орындарында өткен жылдан қалған 206,3 мың тонна шөп қоры бар. Жалпы аудандарда 5 862 мал қыстату орындары бар, оның 1020 шалғайдағы жайылымдарда, яғни құм зонасында орналасқан. Қыстаулардағы малшыларға арналған 5 564 тұрғын үй, 2 184 қашар, 936 баз толық жөндеуден өтіп қыс мезгіліне алдын-ала дайындалды. «Ауыл аманаты» жобасына бойынша 2019-2023 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттен 42,2 млрд. теңге бөлініп, ол қаржыға 62 ауылдық округтегі 8028 жоба несиелендірілсе, 2024 жылы кері қайтарылған қаражат есебінен 6,2 млрд. теңгеге 875 жоба қаржыландырылды. 2025 жылы жоба аясында 3,2 млрд. теңгеге 437 жоба қаржыландырылды, - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Өңірдің экономикалық дамуына елеулі үлес қосып, жергілікті халықтың өмір сапасын арттыруға мүмкіндік беретін - ол инвестициялық жобалар. Сондықтан облыстың агро саласында 2027 жылға дейін құны 365 млрд. теңгеге 1,6 мың жұмыс орнын құруды көздейтін 37 жоба іске асыру жоспарлануда.
- Оның ішінде сүт тауарлы фермалары, құс фабрикалары, қой және балық шаруашылығы, көкөніс сақтау қоймалары, су үнемдеу технологиялары мен қайта өңдеу жобалары бар. 2025 жылы құны 18,1 млрд. теңгеге 36 жұмыс орны құрылған 5 жоба іске асырылды. Өткен аптада «Алель Агро» АҚ инкубациялау мен құс өсіруден бастап, дайын өнімді қайта өңдеуге және нарыққа жеткізетін ірі жобаны іске қосты. Қуаттылығы жылына шамамен 70 мың тонна. Солтүстік Қазақстан облысы тәжірибесін масштабтау шеңберінде 3,0 млрд. теңгеге 7 жоба несиелендірілді. 4,4 млрд. теңгеге тағы 6 жобаны қаржыландыру жоспарлануда. Оның ішінде 4 көкөніс қоймасы, қайта өңдеу бойынша 5 жоба, балық өсіру бойынша 2 жоба, етті мал шаруашылығы бойынша 1 жоба (ұсақ мал өсіру), заманауи асыл тұқымды құс өсіру репродукторын құру бойынша 1 жоба бар. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінде асыраушы сала экономиканың негізгі драйверлерінің біріне айналып, табиғаты шаруашылыққа қолайлы облысымызда ауыл шаруашылығы саласы жыл санап алға озып келеді. Алдағы уақытта суармалы алқаптардың аумағын ұлғайту, заманауи ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу, асыл тұқымды мал санын арттыру, ақылды фермалар мен цифрландырылған өндіріс орындарын ашуға күш жұмсалатын болады, - деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Төлебек Құлекеев.
Төлебек Құлекеевтің сөзінше, 2025 жылы салаға 29,2 млрд теңге қаржы қарастырылып, бүгінгі күні оның 29,1 млрд теңгесі облыстағы 5 мыңнан астам шаруаға субсидия ретінде төленіп берілген.
- Осының нәтижесінде жыл басынан бері салада 458,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3,1 пайыз өсім көрсетті. Бұл республика бойынша 6 орын. Егін шаруашылығында - 292,0 млрд. теңге, НКИ - 104,0%; Мал шаруашылығында - 165,1 млрд. теңге, НКИ - 101,7%; Сол сияқты негізгі капиталға 35,3 млрд.теңге инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына - 12,6 млрд. теңге; Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына - 22,7 млрд. теңге тартылды. 2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 640 мың гектарға отырғызылып, 13,2 мың гектарға артты, - дейді басқарма өкілі.
Оқушылар 3 желтоқсанға дейін қашықтан оқиды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






