жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылдық жас боксшы чемпион атанды

Жамбылдық жас боксшы чемпион атанды
Ашық дереккөз
Ақтөбе қаласында 2010–2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Оңтүстік-Батыс аймақтық чемпионат өз мәресіне жетті.

Осы жарыста Жамбыл облысының атынан қатысқан жуалылық жас боксшы Әбдімансұр Жақсылық өз шеберлігін көрсетіп, аймақтық чемпион атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz                                                   

Жарыстың әр кезеңінде Әбдімансұр тактикалық тұрғыда сауатты әрі сенімді өнер көрсетті. Қарсыластарын бірінен соң бірін жеңіп, финалға жолдама алды. Шешуші жекпе-жекте де қарсыласынан басым түсіп, чемпион атағын иеленді.

Аймақтық чемпион атанған Әбдімансұр енді Қазақстан Республикасының Чемпионатында бақ сынауға мүмкіндік алды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар