жұма, 27 наурыз, 2026 20:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Әйелмен әлем әдемі» атты фестиваль-байқау өтті

Жамбылда «Әйелмен әлем әдемі» атты фестиваль-байқау өтті
Фото: Aqjolgazet.kz
Фестиваль «Ерке сылқым» би тобының «Ұйғыр» биімен ашылды.

Бүгін «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығы мен «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы Әйелдер қанатымен бірлескен «Әйелмен әлем әдемі» атты ерекше сұлулық фестиваль-байқауы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл сұлулық фестивалінің мақсаты – орталық жанынан ашылған кәсіптік курстарды аяқтап, сертификат алып, еңбек нарығында сұранысқа ие маман болған қыз-келіншектер арасынан үздіктерді анықтау, олардың кәсіби шеберлігін көпшілікке таныстыру, тәжірибе алмасу, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеудегі әйел-аналарға қолдау көрсету болды.

Байқаудың ашылу салтанатында «Аманат» партиясы Жамбыл облыстық филиалы басшысының кеңесшісі Рахия Тұрмаханбетова құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестиваль «Ерке сылқым» би тобының «Ұйғыр» биімен ашылды. Сонымен қатар, фестиваль кеште Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Бахыт Шағырбаев ән шырқады. Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің білімгерлері Алия Жанабаева «Аққу» күйін орындаса, Ернұр Оңғар «Ана» атты көркемсөз оқуы арқылы кештің рухын арттырды. «Асыл Арман» өнер орталығының өнерпаздары Нұрсері мен Айзере әсем әндерін тарту етсе,Гүлжан Сұлтанқызы «Ана» әнімен көрермендердің жүрегін жаулады.

Қатысушылар практикалық жұмыстарын орындап, нәтижелерін қазылар алқасына ұсынды. Қорытынды кезеңде модель-аналар сахнаға шығып, қызыл кілеммен жүріп өтті. Ал қатысушылардың еңбегі көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шара соңында орталық директоры Эльмира Мырза-Ғали фестивальдің маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар