Жаңалықтар
2 аптадан соң шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады
- авторjambylinfo.kz
- 20 маусым, 2023
- 633
2 аптадан соң шетелдік көліктерді заңдастыру аяқталады
«16 маусымдағы жағдай бойынша 161 мың автокөлік заңдастырылды, тағы 13 мыңнан астамы тіркеуді күтіп отыр. Сондай-ақ 22 мамырдан бастап 7 мыңға жуық автокөлік-конструктор қазақстандық есепке қойылды.
Өздеріңіз білетіндей, заңдастыру аяқталғанға дейін екі апта қалды. Көптеген азаматтар өз көліктерін заңдастыруға үлгермей қалуымыз мүмкін деген алаңдаушылық білдіруде.
Осыған байланысты осы жылдың 1 шілдесіне дейін өтінім берген Қазақстанның барлық азаматтарына көрсетілген мерзімнен кейін автокөліктертерді заңдастыру құқығы берілетінін хабарлағым келеді», - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Блогерлік кәсіп пе әлде ермек пе?
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бүгін ел кітапханаларында «Кітапхана түні» акциясы өтеді
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 сәуір, 2026






