Абайдың мерейтойына орай ойшылдың туған жері интернетпен қамтамасыз етілді
- авторАрайлы Жақсылық
- 10 тамыз, 2025
- 501
Ұлы ақын, ойшылдың туған жерінде оның 180 жылдығына арналған онкүндік аясында басты мерекелік шаралар өтті.
Мерейтойға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған делегация қатысты. Құрамында депутаттар, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, жазушы Төлен Әбдік, Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов болды.
Шараның ашылуында Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді. Онда Президент Абайдың мұрасы қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың қазынасы екендігін атап өтті.
Өңір әкімі Берік Уәли мерейтойдың алғаш рет онкүндік форматында өтіп жатқанын және ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты. «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің әр өңірі бір-бір әлеуметтік-мәдени нысан салады.
Қонақтар «Бала Абайдан – дана Абайға» атты театрландырылған қойылымды және белгілі қазақстандық әртістердің қатысуымен өткен концертті тамашалады. Дүбірлі той Қарауыл ауылындағы Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен аяқталды.





